Әскери қызметке келушілердің қатары артуда Избранное

Пятница, 10 Апрель 2020 04:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1726 раз

524519

Шымкентте ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда.

Қалалық қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ринат Мадияровтың айтуынша, қазіргі таңда қалада барлық әскери құрылым төтенше жағдаймен күресуге жұмылдырылған.
Десе де әскери қызметке 100 азаматты қабылдау жоспарланған. Бұл азаматтар залалсыздандыру жұмыстары мен блокпосттарда патруль қызметін атқаратын болады.
«Қызметке тартылатын жастардың саны 100-ге жуықтайды. Қазіргі таңда оларды анықтап жатырмыз. 35 жасқа дейінгі белсенді азаматтарды тіркеуге аламыз. Дегенмен әскери қызмет еткісі келетіндердің қатары толастамай отыр», – дейді Ринат Мадияров.
Әскери талап бойынша еріктілердің денсаулығын әскери медициналық комиссия тексереді. Денсаулығында кінәрат жоқтары әскери бөлімдерге жолданады. Олар төтенше жағдай уақыты біткенше әскер қатарында болады, деп жоспарланып отыр.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.