«Сапалы жол» жобасы аясындағы рейдтер барысында 27 факті анықталды

Пятница, 10 Апрель 2020 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2455 раз

Мердігер мекемелер жол төсеу кезінде олқылықтар жіберсе, тапсырыс беруші жұмысты қабылдамайды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы тарапынан жүргізілген рейд барысында айтылды.

zhol 1

«Сапалы жол» жобасы аясында қаладағы А2 көшесі мен Темірлан тасжолы жол айрығындағы жол құрылысы тексерілді. Рейд барысында жол құрылысының талаптары қадағаланып, сапасы тексерілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға офицері С.Әсілбектің айтуынша, қаладағы барлық салынып жатқан жолдар тексеріледі. Олқылықтар шықса, тапсырыс берушіге хат жолданып, кемшіліктер жойылмағанша қабылдауға алынбайды.

zhol 3

Жол сапасы жылжымалы зертханада тексеріледі. Асфалты арнайы аппаратпен ойылып, оның құрамы мен стандарты сараланады. Сонымен қатар жолдың ені де назардан тыс қалмайды.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі жол құрылысындағы қателіктерге 800-ден астам ескертпе жасалған. Бұл жолы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге тағы тексеруге шықтық. Нәтижесін қосымша хабарлайтын боламыз» - деді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының инспекторы Қ.Шакиров.

zhol 2

Айта кетейік, жыл басынан жүргізілген 2 рейд барысында 27 бұзушылық анықталып, кемшіліктерді қалыпқа келтіру үшін тиісті мердігер мекемелерге ескерту жасалды, сапасыз салынған жолдардың құрылысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.