КОММУНАЛДЫ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ

Среда, 15 Апрель 2020 02:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2166 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын.

Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналды қызметтердің тарифтері төмендеді. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Шымкент қаласында коммуналды қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері төтенше жағдай кезеңінде қала тұрғындарының қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында және қоғамдық келісімнің тұрақтылығының маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өз бастамасымен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:

1) «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС:
- сумен жабдықтау қызметіне тариф – 88,17 теңгеден 83,75 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді;
- су бұру қызметіне тариф – 35,13 теңгеден 33,38 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

2) «Қуатжылуорталық-3» МКК:
- ыстық сумен жабдықтау қызметіне есептеу құралдарымен қамтылмаған жеке тұлғаларға тарифі 1 адамға 736,53 теңгеден 662,88 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға төмендетілді;
- есептеу құралдарымен қамтылған жеке тұлғаларға ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3-ге 230,16 теңгеден 207,14 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10%-ға;

3) «Таскудык Бак» ЖШС:
- тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне тариф 70,99 теңгеден 67,44 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

4) «Женис Т» ЖШС:
- тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф 3916,82 теңгеден 3720,98 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

5) «Сайрам су» ЖШС:
- сумен жабдықтау қызметіне тариф 72,08 теңгеден 68,48 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.