100-ГЕ ЖУЫҚ ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ Избранное

Среда, 15 Апрель 2020 02:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1625 раз

93167763 2966913600023559 650339219201327104 n 1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да шынайы қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр.

Бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада залалсыздандыру жұмысына қатысады. Оған қоса санитарлық бұғаттау бекеттеріне көмекке барады.
Қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков іске кіріскен 100-ге жуық азаматқа сәттілік тіледі.
– Сарбаздар қаладағы 4 ауданға 25-тен бөлінді. Олар залалсыздандыру жұмыстарына көмектеседі әрі әскерилерді тасымалдау мен тамақ мәселесі де шешілген, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алмасбек Кеңесбекұлы.
Төтенше жағдай кезінде қала бойынша әзірге 100-ге жуық азамат қабылданған. Қиын-қыстау кезде Мемлекет басшысының үндеуіне құлақ асқан жастар залалсыздандыру мен басқа да жұмыстар атқарады. Бұл жолы 35 жасқа дейінгі азаматтар тіркеуге алынған.
Шымкент қалалық әскери комиссариятында арнайы медициналық комиссия жасақталып, үміткерлерді сараптамадан өткізген. Сынақтан өткен запастағы сарбаздар төтенше жағдай уақытында әскер қатарында болады. Айта кететін мәселе, жұмысы бар еріктілердің айлық жалақысы сақталады.
Еріктілер бұндай қадамға пайда үшін емес, Отан үшін барғанын айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.