Бюджет ашықтығы – қоғамдық мониторинг құралы

Среда, 15 Апрель 2020 14:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1943 раз

«ANTIKOR.LIVE»жобасы аясындағы онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Талғар Серікбаев «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын»енгізу туралы айтып берді.

Т.Серікбаевтың айтуынша, осы ресурс арқылы азаматтар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға тікелей қатысуға мүмкіндік алады.

– «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» алғаш рет тұрғындар үшін қолжетімді және түсінікті бюджет шығындары туралы маңызды мәліметтерді және қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін жасады. Карта нақты уақыт режимінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және басқа да мекемелердің әлеуметтік объектілерін ұстауға, сондай-ақ, олардың құрылысы мен жөндеуіне бөлінген бюджет қаражаты туралы қолжетімді мәліметтерді көрсетеді» - деді спикер.

antikorr 1

Кез келген адам тәулігіне 24 сағат көрсетілген процестерді бақылап, оларды құжаттамамен салыстыра алады және айырмашылықтар анықталған жағдайда тиісті фото және бейне материалдарды қоса уәкілетті органға хабарлай алады.

Сонымен қатар, көрермендер үшін publicbudget.kz платформасын пайдаланудың қадамдары онлайн түрде көрсетілді.

Қазіргі таңда өңіріміз бойынша картаға Шымкент қалалық 389 ұйым орналастырылып, 282 млрд теңгеден астам сомаға 600-ден астам бюджет қалыптастырылған.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов төтенше жағдай кезіндегі жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталды.

«Қаладағы жұмыс берушілерден әлеуметтік жауапкершілік танытуды және қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтау бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз», – деді Б.Қалжанов.

Сонымен қатар, жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтан жұмыс істеу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және т.б. мәселелерге тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Шымкент қаласы бойынша департаменті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.