Шымкенттіктер ТЖ кезінде 200-ден астам көлікті онлайн тіркеді

Вторник, 28 Апрель 2020 13:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1975 раз

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді.

Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады.

«Қызметті онлан алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса жеткілікті. Төтенше жағдай жарияланғалы бері 200-ден астам автокөлік онлайн тәсілмен тіркелді. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсетінін болжап отырмыз, өйткені мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ қарапайым және ыңғайлы шешімдерді таңдайтын азаматтарымыздың саны көбейіп келеді», -дейді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілі Алтынай Татаева.

 

tcon

 

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде орналасқан. Оны онлайн режимде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. Егер бар болса, электронды үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды.

Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін жаңа мемлекеттік нөмір және техникалық құжат үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электронды цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық құжатты алып кету үшін барады.

Последнее изменение Вторник, 28 Апрель 2020 13:55
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.