Біз – бірлігімізбен еңселі елміз Избранное

Среда, 29 Апрель 2020 00:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2560 раз

M-AITENOV

Құрметті шымкенттіктер!

Сіздерді 1 мамыр—Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл мереке көпұлтты мемлекетімізді мекендеген бір тұтас халықтың ынтымағы мен бірлігінің, татулығы мен тұрақтылығының тұғырын танытатын мерейлі мейрам. Көңілі дархан, пейілі шалқар қазақ елінің қарашаңырағы қаншама ұлттардың қасиетті қонысына айналды. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған, мемлекетіміздің іргесін мығым еткен татулық пен толиаранттылық біздің басты құндылығымыз. Елімізде салтанат құрған сарабдал саясат пен жасампаз бастамалар қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылыққа негіз болуда.
Әлемді әбігерге салған бүгінгі пандемия кезінде де бізді осынау қиындықтан шығуға жетелеп отырған еліміздегі бірлік пен береке, ұйысқан ынтымақ пен сабырлылық десек артық айтқандық емес. Бүкіл ел күрделі жағдайды бастан кешкен сынақ сәтінде бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып, індетке тосқауыл қоюға атсалысқан медицина, полиция қызметінде, еріктілер қатарында жүрген түрлі ұлт өкілдерінің жанкешті еңбегі осы бірлігіміздің белгісі. Осындай достық пен туыстықтың туын бірлесе көтерген елдің қандай қиындықты да еңсеретініне, болашағымыздың жарқын екендігіне сенімдіміз.
Мереке құтты болсын! Мерейіміз үстем, бірлігіміз бекем болсын, ағайын!

 

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент
қаласының әкімі

Ғани ТАШҚАРАЕВ,
Шымкент қаласы
мәслихатының
хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.