Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Среда, 29 Апрель 2020 22:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1809 раз

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

   29.04. 2020ж.                                                                                     №14

 

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 28.04.2020 жылғы №14 хаттамасына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) Шымкент қаласында таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

- 2.2. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық орындардың жұмыс істеуі: саябақтар, скверлер, жағалаулар»;

- 5. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Шымкент қаласының әкімдігі карантин аяқталғанға дейін коммуналдық және әскери қызметтерді тарта отырып, қоғамдық көлікті, аялдамаларды, балалардың ойын алаңдарын қоса алғанда, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, қала аумағын өңдеумен толық қамтуды және көрсетілген жұмыстарды карантин аяқталғанға дейін күн сайын жүргізуді қамтамасыз етсін»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «8.5. Сағат 10:00-ден сағат 18:00-ге дейін жас балаларға бетперделік режимді қатаң сақтай отырып, ата-аналарының бақылауында жүруімен көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан балалардың ойын алаңдарында серуендеп ойнауға рұқсат етілсін. Ойын алаңдарында көп балалардың жиналуына жол берілмесін»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «8.6. Тұрғындарға тұрғын үйлердің аулаларында 2 метрден кем емес ара қашықтықты, бетперделік режимді сақтай отырып, сағат 06:00-ден 12:00-ге дейін және сағат 15:00-ден-21:00-ге дейін серуендеуге рұқсат етілсін (18 жасқа дейінгі балалар ата-анасымен бірге)»;

- келесі тармақпен толықтырылсын: «8.7. Қала аумағында орналасқан саяжайлар мен бақшаларға сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін баруға рұқсат етілсін (өздерімен бірге саяжай немесе бақша меншігін растайтын құжаттары болуы міндетті)»;

- 15. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Шымкент қаласының полиция департаменті, аудан әкімдеріне:»;

- 15.2. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде, жағалауларда, балалар ойын алаңдарында, тұрғын үйлердің аулаларында (рұқсат берілген уақытты есептемегенде) болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру».

2. Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жеткізілсін және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы жариялансын.

3.Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

4. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.