ХҚО бірыңғай терезесінен 8000-нан астам дайын құжат берілді

Четверг, 30 Апрель 2020 16:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2622 раз

Карантин басталғалы бері үшінші мегаполис тұрғындары ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам дайын құжаттн алды. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген.

26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылып, төтенше жағдай кезеңінде ХҚО және мамандандырылған ХҚО электронды үкімет порталы - egov.kz арқылы рәсімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істеуде.

tcon-1

Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма - 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі - сағат 9.00-14.00 аралығы. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, 1Г мекенжайында орналасқан №1 ХҚО.

Ал автокөлік иелері дайын құжаттарын Достық шағынауданындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар мемлекеттік қызметті электронды форматта алуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 87% электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистерді ЕgovМоbile мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботынан және Facebook, Vk әлеуметтік желілеріндегі egov чат-боттарынан алуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.