КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРУ ЕРЕЖЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ Избранное

Среда, 13 Май 2020 03:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 127 раз

ҚР Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігі карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Жаңа өзгеріске сәйкес, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілді. Атап айтқанда:

1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) көп балалы отбасылар;

5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;

6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Бұдан басқа, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.

Айта кетейік, 11 мамырдағы жағдай бойынша Шымкент қаласында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу бойынша азаматтардан 26 825 өтінім түскен.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Құны қымбат Жеңіс бұл! Тәтті де, сәтті бизнес »