Версия для печати

КОРОНАВИРУСҚА СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Избранное

Среда, 20 Май 2020 02:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1656 раз
Оцените материал
(0 голосов)

брифинг фото

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова қатысты.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда байқалады. Бұл ретте «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің 654 қызметкері жоспарлы тестілеуден өткізіліп, нәтижесінде 137 жағдай анықталды. Зауыт аумағында қызметкерлерге медициналық қызметті «Медикер» ЖШС көрсетеді.
2020 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша
Шымкент қаласында 60 жаңа зертханалық расталған СOVID - 19 жағдайы анықталды. Ал бүгінгі күнге дейін қалада коронавирустық инфекцияның 404 жағдайы тіркелді (COVID-19).
Ербол Әбілхайырұлының мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы скринингтік тексеру жұмыстары қоғамдық көлік қызметі өкілдері арасында да жүргізіледі.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 183 науқас коронавирустан сауығып, үйлеріне шығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адам коронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай.
Сондай-ақ, қауіп тобындағы контингентке жоспарлы тестілеу жүргізіледі, оларға медициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар жатады. Бүгінде 16 552 адамнан тұратын тестілеуге арналған контингент анықталды.
Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ішінен 2 028 адам (49,1%) тестіленді, ЖРВИ және пневмониямен емдеуге жатқызылған адамдардан 3046 адам (55,2%), медициналық қызметкерлер мен COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер 1 547 адам (22,4%) тестіленді. Тестілеуге жататын контингентті қамту - 40%.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.