АДАМИ КАПИТАЛ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ Избранное

Пятница, 29 Май 2020 03:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 177 раз

Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кезекті кездесуі еліміздегі қоғамдық диалогтың ұлттық моделі қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл орайда Қазақстанның дамуындағы ең басты құндылық – адам капиталына құйылған инвестициямен тікелей байланысты.
Адам капиталына неғұрлым инвестиция сапалы құйылған елде соғұрлым кемелдік сана жетіледі.

Қазіргі таңдағы пандемия Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне, елдегі қоғамның барлық саласына өзгерістер алып келді.
Мысалы, қашықтан оқыту. Бұл әдіс білім беру саласының бір түрі ретінде жалғаса беруі керек деген пікірдемін. Себебі, қазіргі оқушылар, жастар интернет арқылы түрлі ақпарат ала алады, жаңа технологиялық білім беру әдісі белгілі бір деңгейде жалғасқаны дұрыс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында жоғарғы оқу орындарының сапасын көтеру туралы да жақсы айтты. Шынында да бұл саланы да реттейтін кез келді. Өте талантты оқушыларымыздың, студенттеріміздің шетелге кетіп жатқанының бір себебі де сол. Сондықтан, Мемлекет басшысы ғылыми инфрақұрылымның барлығын қайта қарау қажеттігін орынды көтеріп отыр. Ғалымдардың, аспиранттардың, жоғарғы оқу орындары оқытушыларының грант құнын көбейту арқылы жалақысын өсіру – өте құптарлық шешім. Саны бар да сапасы жоқ ЖОО-на реформа қажет, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру кезек күттірмейтін мәселе.

Мемлекет басшысы, сонымен бірге, дәрігерлердің құқын қорғап, жалақысын көбейтуді тапсырды. Расында да пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің құқығы төмен деңгейде қорғалғаны білінді. Денсаулығымызға қауіп төнгенде алғы шепте болатын да сол дәрігерлер. Ал ақ халаттылардың мәртебесі, жұмысының сапасы осы медицина саласындағы сапалы реформаларға тікелей байланысты. Бұл да жоғарыда атап өткен адам капиталына тікелей қатысты.

Айгүл Қапбарова,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты,
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым
бойынша тұрақты комитеттің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Геноцид Ұлт тарихындағы ұмытылмайтын қасірет »