Версия для печати

ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚ БЕТТЕРІ ӘЛІ ДЕ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Суббота, 30 Май 2020 09:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2300 раз
Оцените материал
(0 голосов)

84152783 2539948806318070 6300830844160311296 o

Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – бүгінгі ұрпақ үшін, ұлтымыз үшін ең қымбат құндылық деп білемін. Ұлттық тарихымызды санаға сіңірмей, дұрыс көзқарас қалыптаспайтыны белгілі.

Қазіргі таңда, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музей қорында 16 мыңдай құжат сақталған. Музей қызметкерлері мен ҚР Ішкі істер министірлігі Шымкент қаласының полиция Департаменті қызметкерлерінің атсалысуы арқасында «азалы» тізім толықтырылды. Сандық көрсетшіктерге сүйенер болсақ, Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңы атылса, біздің Оңтүстік өңірімізде 7 мыңдай адам қуғындалып, соның 4001-іне ату жазасы қолданылды.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық баяндамасын басшылыққа алып, көптеген іс-шаралар өткізумен қатар, музей қызметкерлері әлі де көп зерттеле қоймаған ХХ-ғасырдың 1-ші жартысында болған нәубет туралы деректерді жинақтауда. Сонымен қатар, солақай саясаттың зардабын шеккен ұлтымыздың асыл азаматтары Н.Оңдасынов, Ж.Тәшенов, А.Асқаров туралы бұрыш ашып, көпшілікке таныстыруды жоспарлап отырмыз.

Әрине, жазықсыз кеткен «Алаш» қайраткерлерінің әрқайсысына бір-бір музей арнаса да көптік етпейді. Тәуелсіздік алған қазақ елі «Алаш» ардақтыларын ұлықтауда көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын есте сақтауымыз керек. Бұл жұмысты тарихшыларымыз бен ғалымдарымыз, музей қызметкерлері одан әрі жалғастырып, өткеніміздің ақтаңдақтарын әлі де ашып, зерттелуіне үлкен үлес қосатынына сенім мол.

 

 

Батырғазы СЕРҒАЗИЕВ, Шымкент қалалық саяси
қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.