МҰРАҒАТ МАТЕРИАЛДАРЫ ТАРИХШЫЛАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛСА

Суббота, 30 Май 2020 09:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 182 раз

78545541 2539986962980921 2108943428984242176 n

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жариялаған үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауды, саяси қуғын-сүркін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын айтты.

«Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым. Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы құптарлық шешім. Бұл орайда, тарихшы-ғалым ретінде менің де айтар ұсыныстарым бар. Репрессияға ұшыраған ұлт ардақтыларын бүгінгі ұрпақ естен шығармауы қажет. Сол себепті, әр өңір арыстай азаматтарымыз жайында ұрпақ жадында қалатын жинақ кітаптар шығарса дейміз. Одан кейін әр өңірде елдімекендерге, көшелерге немесе сол жердегі мектептерге де еңбегі сіңген азаматтардың атын берсе, атын беріп қана қоймай жастарға ерлігін, өрлігін насихатттау жағында да қалыс қалдырмаса деген ойымды жеткізгім келеді.

Зұлмат жылдарға қатысты әлі де ашылмаған сырлар көп. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатында жатқан материалдарды қолжетімді ету керек. Оған тарихшылардың қолы жете бермейді. Міне, мемлекеттік деңгейде осыған рұқсат беретін кез келді. Мемлекеттік комиссия осыған назар аударса деймін.

 

Сағынғали ӘБУБӘКІРОВ, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.