Версия для печати

ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ Избранное

Воскресенье, 31 Май 2020 13:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1867 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2020-05-31 at 19.40.49

31 мамыр күні 1997 жылдан бері қайғы мен қасіреттің белгісіндей атап өтіліп келе жатыр. Бұл - негізінен мереке емес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

 

Бүгінде біздің өңірімізде де сол саяси зобалаңның құрбаны болған қазақтың қаймақтарының, небір асыл азаматтарының ұрпақтары тұрады. Республикадағы жалғыз мұражай Шымкентте орналасқандықтан, еліміздің түкпір-түкпірінен біздің өңірге, "Қасірет" мемориларына зобалаңда опат болған азаматтардың ұрпақтары келеді, музейдің қызметкелерімен жыл он екі ай байланыста болады.

Биылғы жағдайға байланысты онлайн іс-шаралар өтпек. Күні кеше "Жасықсыз құрбан болған қайран жұртым" деген онлайн дөңгелек үстел өтті. Сол жиында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалым-мамандары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары байланысқа шықты. Қазіргі таңда қандай ғылыми жұмыстар жүріп жатқанын баяндады. Жергілікті тарихшы-ғалымдар да "АЛЖИР" әйелдер лагеріне қатысты мәліметтерімен бөлісті. Бұрын жарияланбаған деректерді айтты.

Расында да зұлмат жылдар құрбандарына қатысты арнайы мемлекеттік комиссияның құрылатыны - құптарлық жағдай. Мемлекет басшысының бұл мәселеге баса көңіл аударғаны қуантады, себебі, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып, көп зерттеу жүргізу қажет. Көрші елдермен байланысып, ондағы архивтерде жатқан мәліметтерді зерттеу қажет деп ойлаймын.

Зәуре ОРАЛБАЕВА,
Шымкент қалалық әкімдігінің
ішкі саясат және дін істері басқармасының
"Рухани жаңғыру" бөлімінің меңгерушісі

Последнее изменение Понедельник, 01 Июнь 2020 04:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.