«Жазықсыз құрбан болған қайран жұртым» Избранное

Среда, 03 Июнь 2020 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1894 раз

«Жазықсыз құрбан болған қайран жұртым» атты онлайн кеш Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналып ұйымдастырылды.

38

 

Бейнебайланыс арқылы өткен іс-шараға Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтары, тарихшылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Жиында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баршагүл Қашқынқызы Алаш қайраткерлері мен олардың әйелдерінің Алжир түрмесіндегі ауыр тағдырларына тоқталды.
–1937-1938 жылдардағы оқиға қазақ зиялыларына ауыр тиді. Ұлтымыздың бас көтерер азаматтары жалған жаламен солақай саясаттың құрбаны болды. Халқымыз дарынды, білімді тұлғаларынан айырылды. Алжир Карлагтың 26-шы нүктесі болған. Мұнда көрнекі ғалым және зиялы қауым өкілдерінің әйелдері мен балалары болды. Алжир туралы жазылған кітаптар, тарихи деректер бар болғанымен, бұл бағыт әлі де терең зерттеуді қажет етеді, - деді Б. Қашқынқызы.
Іс-шара барысында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Кемеңгер Қайырбек бейнебайланыс арқылы «Алаш жолы – ұлттық идея негізі» тақырыбында ой толғады. Дөңгелек үстелде тарихшылар, ғылыми қызметкерлер қазақтың біртуар азаматтарының өмірі мен қайраткерлігін таныту мақсатында әлі де ауқымды жұмыстарды қолға алу қажеттілігіне тоқталды.
Айта кетейік, музей қорында 16 мың құжат жиналған және қуғын-сүргінге ұшыраған 4057 адамның тізімі бар.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.