аркетинг» ЖШС Шымкент қаласы және Сайрам ауданының бірқатар елдімекендерін шаруашылық-ауызсумен 22 жылдан астам уақыттан бері қамтамасыз етеді және шайынды суды бұру қызметін көрсетеді. Мекеме жетекшілерінің айтуынша, 2009-2019 жылдар аралығында су жүйелерін қайта құру және жаңғырту жұмыстарына инвестиция тарту үшін Еуропалық қайта құру және даму банкімен мерзімі 13 жылға келісімшарттар құрылған.
Нәтижесінде 981 шақырым су құбыры мен 76 шақырым кәріз желілері қайта құрылып, кәріз тазарту және биогаз алу кешені құрылғысы жаңартылды. 169 арнайы техника мен құралдар сатып алынып, түрлі көлемдегі 14 546 өлшегіш құралы орнатылды. 146 дана сорғы-энергетикалық жабдық ауыстырылды, деп мәлімдеді мекеме басшылары.
Жылдық есепте 2019 жылғы инвестициялық бағдарлама, жалпы алғанда, 76 пайызға орындалғаны айтылды. Оның ішінде кәріз тазалау құрылғыларын жаңарту мен технологиялық құралдарды ендіру секілді бөлімдері артығымен жүзеге асырылған.
Мекеме жетекшілері 23 жылдан бері 1360,1 миллион текше метр су немесе 25 жылғы судың қоры, құны 13,665 млн теңгенің электр қуаты үнемделгенін хабарлады. 114 бақылау нүктесінде сумен жабдықтау жүйелерін қадағалау жүйелері енгізіліп, 167 су қысымын реттегіш орнатылған.
Ең бастысы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар және жылумен қамтамасыз етуші ұйымдарға сумен жабдықтау және кәріз қызметтерінің тарифі 24 пайызға төмендеді, деп мәлімдеген «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы биыл тұрғындарды сапалы ауыз сумен 24 сағат бойы үздіксіз қамтамасыз етуді, 41 шақырым су құбыры мен 8 шақырым кәріз желісін қайта құруды жоспарлап отыр.