САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА Избранное

Среда, 17 Июнь 2020 05:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2455 раз

каратау фото1

ВОКЗАЛДА ТӘРТІП ҚАТАЛ

Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейтілді. Әлеуметтік ара қашықтық, бетперде режимі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде.

Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
– Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дизенфекция жасалады. Жазғы демалыс маусымы басталғалы пойыз жол қызметіне жүгінген жолаушылар қатары артты. Бүгінгі таңда санитарлық талаптарды сақтауды қатаң бақылауға алдық, - дейді Шымкент Темір жол вокзалының басшысы Ерғали Мырзахмет.
Еске сала кетейік, елімізде жолаушылар пойызы бірінші маусымнан бастап жүре бастады. Осы уақыт аралығында Шымкент темір жол вокзалынан 7000-ға жуық билет сатылған.

 

2 БАЗАР, 15 НЫСАНҒА ЕСКЕРТУ

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізуде.
Қаратау ауданы бойынша аудан әкімі аппараты, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған топ Сайрам тұрғын алабындағы сауда орындарында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын тексерді.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде орталық көшеде орналасқан 2 базарға және 15 нысанға ескерту шаралары жасалынып, 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бір ретсіз саудамен айналысқан кәсіпкерге шара қолданылып, ол сауда нүктесінің жұмысы тоқтатылды.
Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуде олқылық жібермеу қажеттігі түсіндірілді.
Карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

 

АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Абай ауданында санитарлық талаптарды сақтау бойынша 4 мобильдік топ бекітілген аумақтары бойынша 674 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақшаларын таратты. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабы, 3 тармағы бойынша аудандағы кәсіпкерлік нысандарға 11 айыппұл хаттамасы толтырылды. Жалпы аудан аумағында санитарлық талаптарды сақтамағандарға 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 450 хаттама толтырылған.
- Қаланың Бас санитариялық дәрігері қабылдаған қаулыға сәйкес, барлық шектелген шаралардың орындалуы бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар атқаруда. Сонымен қатар, карантинге жабылған жеке секторлардағы тұрғын үйлердің қатты тұрмыстық қалдықтары аптасына бір рет, көпқабатты тұрғын үйлердің қалдықтары күнделікті «Спецавтотранспорт» ЖШС мекемесінің арнайы техникасымен бөлек шығарылуда және көшелер мен тұрғын үйлер залалсыздандырылуда. Қазіргі таңда аудан аумағында төрт мобильді топ сауда орындары мен ірі нысандарда санитарлық талаптарды сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде, - деді Б. Парманов.
Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының тексеруі барысында бетперде тағу режимінің орындалмауы, тепловизорлардың жоқтығы мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталған. Соған байланысты тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілуде

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.