Бес айдың жұмысын қорытындылады Избранное

Среда, 17 Июнь 2020 05:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1748 раз

104100695 2551674228478861 1763171335871678578 n

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті. Жиынға қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов пен кеңес бюросының мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты.

Отырыс барысында 2020 жылдың 5 айында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен өз бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы бірқатар салалық басқармалардың есебі тыңдалды.
Жиында қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков жыл басынан бері 20 000 га жер учаскесіне түгендеу жұмыстары жүргізілгенін баяндады. «Түгендеу нәтижесінде 8637 га құрайтын 836 учаскесі нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Қазіргі таңда жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізілуде» - деді.
Сондай-ақ 5 айда алаңы 17,3 га болатын 152 жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылған. Атап айтқанда, олар - Д.Қонаев даңғылының құрылысы, Астана даңғылының жалғасы, әуежайдағы жаңа терминал құрылысы, Қошқар ата өзені аумағында көп қабатты тұрғын үйлер, Асар шағынауданында жұқпалы аурулар аурухана құрылысы салынған жерлер.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Жаманкөз баяндама оқыды. Жыл соңында 69 нысанның (18 ауыз су нысаны, 1 кәріз, 10 электр, 1 табиғи газ, 13 жылу, 12 сейсмонығайту нысандары, 14 абаттандыру) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше қаланы көріктендіру мақсатында Қайтпас-1 шағын ауданында саябақтың құрылысы жүргізілуде. Одан өзге 9 гүлзарды қайта құру қолға алынған.
Саяси кеңес бюросының мүшелері атқарылған жұмыстар бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Соның бірі - қаладағы өсіп тұрған ағаштарды неге кесетіні туралы сұраққа Мұрат Дүйсенбекұлының өзі жауап берді.
– Осы сұрақ тұрғындардан да келіп түседі. Біріншіден, қаладағы ағаштар жүйесіз, арақашықтығы сақталмай отырғызылған. Өсе келе бір-біріне кедергі жасауда. Екіншіден, ағаш шыбық кезінен түзу болып өсуі үшін қырқу, туралау жұмыстары жүргізіледі. Үшіншіден, күзге қарай кесілген ағаштардың орнына белгілі бір жүйе арқылы қайта көшеттер егілетін болады - деді әкім.
Жиынды қорытындылаған Төраға Саяси кеңес бюросы мүшелері тарапынан айтылған сын-ескертпелер негізінде алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатынын айтып, кемшіліктерді түзету үшін кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.