90 АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Избранное

Среда, 24 Июнь 2020 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1874 раз

Баспана

Шымкент қаласының 90 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды. Пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ҰОС ардагері Халил Ергешов та бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтады.

– Ұлы Отан соғысында бейбіт заман үшін барын берген Сіздей батырдың бүгін қоныс тойын тойлайтынына қуаныштымын. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Өкінішке орай, әлемді жайлаған аты жаман індет басылмай тұр. Сол себепті, сақтық шараларын сақтау үшін сізді онлайн құттықтауға тура келді, - деді қала басшысы.
Қала күні қарсаңында баспаналы болғандар қатарында 65 көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған 24 отбасы бар. Жалпы жыл соңына дейін тағы 1 144 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 300-і жұмыс істеп жүрген жастарға, 450 пәтер көпбалалы, 192-сі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.