Шектеу іс-шаралары туралы және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Среда, 24 Июнь 2020 06:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 162 раз

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 

   23.06.2020ж.                                                                                     №22

 

 

 

 

Шектеу іс-шаралары туралы және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 13 - тармақшасына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №37-ПГВр) (енгізілген өзгерістермен толықтыруларды ескеріп) сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.    Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілеріне және Шымкент қаласының тұрғындарына:

1) мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақша, коррекциялық - түзеу орталықтары) қызметі тоқтатылсын;

2) қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарына, оның ішінде жиі баратын орындарына, жаяу серуендеу орындарына (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық аландарына және туристтік орындарға баруға тиым салынсын;

3) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) Шымкент қаласының аумағында қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлық объектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар, сауналар, SPA - салондары және тағы басқа, сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар және тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржы саласында және басқа да қызмет салаларында) жұмыс уақыты сағат 10:00 -ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылсын, басқа көрсетілген жағдайларды қоспағанда;

4) жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сауда базарларының (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап оның ішінде мал және автокөлік базарлары) жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

5) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) көтерме сауда базарларының жұмыс уақыты сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылсын;

6)  жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін;

7) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) қоғамдық тамақтану объектілерінің (асханалар, кафелер, мейрамханалар, кулинариялар) жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылсын;

8) медициналық ұйымдар, дәріханалар, коммуналдық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істейді;

9)  сауда базарлары үшін демалыс күндері (сенбі немесе жексенбі) санитариялық күн болып белгіленсін.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №21 қаулысы 3 тармағының 5, 6 тармақшалары алып тасталсын;
  2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №21 қаулысы 4 тармағының 1 тармақшасы келесі редақцияда жазылсын: «шикі заттарды дайындау технологиясын сақтай отырып, жұмсақ балмұздақ сататын объектілер, оның ішінде сусындар, фасфудтар, піскен өнімдерді сататын дүңгіршіктері»;
  3. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №19 қаулысы 1 тармағының 7 тармақшасы, 3 тармағы алып тасталсын;
  4. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №17 қаулысы 3 тармағының 23, 24 тармақшалары, 4 тармағының 2 тармақшасы, 7 тармағының 1 тармақшасы алып тасталсын.

3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы:

1)   өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз ету;

2) карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

4. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

5. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

6.   Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

7.   Осы қаулы 2020 жылдың 23 маусымынанбастап күшіне енеді.

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Последнее изменение Среда, 24 Июнь 2020 06:19
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.