Версия для печати

ЖУРНАЛИСТ жүрекпен жазғанда ғана жүйрік бола алады Избранное

Пятница, 26 Июнь 2020 03:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2451 раз
Оцените материал
(0 голосов)

190812194331575a3555774i

Құрметті әріптестер, қадірменді қаламгер қауым!

Сіздерді 28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер еліміздің, соның ішінде Оңтүстік яғни Түркістан өңірі мен Шымкент қаласының ақпарат айдынында айшықты ақпар таратып, бұқара мен биліктің арасына алтын көпір орнатып, мемлекетіміздің игілігі жолында жағымды жаңалықтардың жария болуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы мемлекетімізде жүргізіліп жатқан реформалар, олардың мәні мен маңызы туралы көпшілік сіздердің мақалаларыңыз, жазбаларыңыз арқалы біліп отырады. Бүгінгі жаһандық даму көшінен қалмай, төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отыруымызға да сіздердің өлшеусіз үлестеріңіз бар.
Осы орайда мен өзімнің журналистика саласындағы алғашқы қадамым басталған «Шымкент келбеті» газетінің 30 жылдық мерейтойымен де құттықтап кеткенді жөн көріп отырмын. Бұл газеттің мен үшін орны ерекше. «Шымкент келбеті» газеті соңғы 30 жылда қазақ журналистикасы мен руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан қарашаңырақтың бірі және бірегейі. Бұл басылымнан бүгінге дейін қаламы қарымды, елімізге танымал, талантты журналистер шоғыры тәрбиеленіп шықты. Әлі де тәрбиелене береді деп сенемін. Яғни, қанша жылдар өтсе де «Шымкент келбеті» қазақ журналистикасының «ұстаханаларының» бірі болып қала беретіні сөзсіз. Төл мерекемізбен қатар келіп отырған мерейтойда газет ұжымына шығармашылық табыс, ізгілікті ізденіс, жарасымды сыйластық тілеймін!
Қазіргі таңда ғаламтор желісінің яғни интернеттің қарқынды дамуы коммуникация құралдарын бір арнада тоғыстырып жіберді. Осы орайда бізге дәстүрлі ақпарат құралдары мен жаңа медианың өзара сабақтастығын арттыра түсу қажет деп ойлаймын. Ал бұл өз кезегінде кәсіби мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсері сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі журналист жүрекпен жазғанда ғана жүйрік атана алады.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген қанатты сөз ХХІ ғасырда да өзектілігін жоймай, жаңа жаһандану дәуірінде ауқымын кеңейтіп, БАҚ-тың азаматтық қоғамдағы рөлін одан әрі арттыруға негіз болуда. Ендеше, құрметті журналистер қауымы! Алдағы уақытта да өңірімізді одан әрі дамыту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруды арттыру бағытында қолға алынатын істерді бірігіп жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, шығармашылық табыс, тың жетістіктер тілеймін!

 

Бейсен ТӘЖІБАЕВ,
«NurOtan» партиясы Түркістан облыстық
филалы төрағасының бірінші
орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.