"IKOMEK" орталығы ашылды Избранное

Среда, 01 Июль 2020 04:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2247 раз

85

Қалада тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа орталық жұмысын бастады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кез келген сауалдарға 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала алады.

Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда.
iKomek орталығы барлық емханалармен ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Сондықтан да инфекциялық ауруларға қатысты сауал болса, бірден 109 нөміріне хабарласыңыздар.
Сонымен қатар iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөмірі де тәулік бойына қызмет етеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.