Дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері (06-15.07.2020 жылға)

Четверг, 16 Июль 2020 08:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1754 раз

 apteka-03

Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті келесіні хабарлайды.

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.07.2020 жылғы №24 қаулысына сәйкес Департаменттің аудандық Басқармаларымен бірлесіп 4 мониторингтік топ құрылды және Шымкент қаласының дәріханалық ұйымдарында дәрілік заттармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық сатудың алдын алу, емдеу курсына бір қолға берілетін дәрі-дәрмектердің санын шектеу, рецептілер бойынша емдеу курсына рецептуралық дәрі-дәрмектерді сату, сондай-ақ Шымкент қаласының дәріханаларында бөлшек сауда бағаларын сақтау мақсатында мониторинг жүргізіледі.

15.07.2020 жылға аудандық Басқармалармен бірлесіп өткізілген 10 күндік мониторинг нәтижесінде, қала тұрғындарын өткізу үшін дәріханалардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілу жағдайы, қосымша жоспарланған жеткізу күндері бойынша, сондай-ақ рецептсіз дәрілік заттарды бір қолға босату және рецепт бойынша рецептуралық препараттарды босату шектеулерін сақтау бойынша жағдай анықталды.

Қаладағы барлығы 289 дәріхана бойынша 63 дәрілік заттар атауы бойынша мониторинг жүргізілді, оның ішінде: 24 атауынан ыстыққа түсіретін преператтар, 14 атауынан вирусқа қарсы препараттар, 21 атауынан антибиотиктер, 4 атауынан С витаминінің (таблеткалар мен инъекцияларда).

Мониторингтік топтар ҚР ДСМ 15.07.2019 ж. № КР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген дәріханаларда шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірме берді.

15.07.2020 жылы Шымкент қаласының дәріханаларында шекті бөлшек бағаны көтеру бойынша факты анықталды.

Өткізілген 10 күндік мониторинг нәтижесінде бары 17 факт 15 дәріханада анықталды.

Дәріханаларға қаланың барлық стационарларында тегін негізде қабылдауға болатын антибиотиктер, вирусқа қарсы, ыстыққа түсіретін препараттардың жеткілікті мөлшерде бар екендігі туралы халыққа хабарлау қажеттігі туралы түсіндірілді, ол үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Сонымен қатар, Департамент қаладағы дәріханаларда және дәріханалық қоймаларда дәрі-дәрмектердің бар болуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.