Версия для печати

Олар – бүгінгі майданның қаһармандары Избранное

Пятница, 17 Июль 2020 05:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2630 раз
Оцените материал
(0 голосов)

85J 7591 копия

Олар қандай құрметке де лайық жандар. Қауіпті індеттің алдын алу және адамдардың өмірін арашалауда жанкешті еңбек етіп, көз жұмған шымкенттік 9 дәрігер мемлекеттік орденмен наградталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев өз міндетін абыроймен атқару барысында қайтыс болған дәрігерлердің үйлеріне барды.

Сондай жанның бірі – медицина саласына қырық жыл ғұмырын арнаған, №1 қалалық емхананың терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған 
Ағзипа Тажденова. Ағзипа Насырқызы еңбек жолында абыройлы қызмет еткен, 20 мыңдай науқасты емдеген дәрігер. 3 қыз тәр-
биелеп өсірген ардақты ана.
Мұрат Дүйсенбекұлы отбасына көңіл айтып, I - дәрежелі «Барыс» орденін марқұм болған дәрігердің жолдасына табыс етті. 
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар медицина қызметкерлеріне мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл ретте, дүниеден өткен дәрігерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Олар өз кәсіптеріне адалдық танытты. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Әрбірі батыр деген атқа лайық. Әрбір отбасыға әкімдік тарапынан тиісті көмек жасалады, – деді қала әкімі.

 

14

 

Сондай-ақ, шаһар басшысы Гаухар Бәйменованың отбасына да арнайы барып, көңіл айтты. №1 қалалық клиникалық аурухананың аға медбикесі Гаухар Аштайқызы «Құрмет» орденімен наградталды.
«Шымкент - қайырымды қала» қорынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Атап өтсек, «№ 1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі Тажденова Ағзипа Насырқызы І-дәрежелі «Барыс» орденімен, «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы, «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері Мамаев Хасым Махмудович, «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы, «№8 қалалық емхана» МКК-ның аға медбикесі Әлмаханова Қафиза Батырханқызы, «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы, «Жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы «Құрмет» орденімен, «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі Абдикулова Мариям Қабылбекқызы «Парасат» орденімен, «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі Садиев Орынбасар Әліпбекұлы ІІІ-дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

 
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.