РЕСЕЙЛІК ДӘРІГЕРЛЕР ОҢ БАҒА БЕРДІ Избранное

Среда, 22 Июль 2020 05:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1837 раз

РЕСЕЙ МАМАНДАРЫ

Шымкентте ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша онлайн-брифинг өтті.

Брифинг барысында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимур Варзилов пен Ресейден келген жоғары дәрежелі реаниматолог Денис Цветков қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде баяндады.
Тимур Варзиловтың мәлімдеуінше, қазір Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқастарға қажетті медициналық көмек берілуде.
Брифингте Шымкентке арнайы тәжірибе алмасу мақсатында келген жоғары дәрежелі реаниматолог
Д.Цветков жергілікті дәрігерлердің коронавирусқа қарсы атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.
– Байқағанымыз, қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлер штатты режимде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез-келген науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Науқастардың стационарға келіп түскен уақытынан бастап, толық емдеу жұмыстарының жүргізілуін көріп шықтық. Бұл тұрғыда барлығы дұрыс. Шымкент қаласындағы ауруханаларда интенсивті терапияны қажет ететін ауыр жағдайдағы науқастар жансақтау бөлімінде ем алуда. Бұған қоса оларға респираторлық терапия бойынша ем жүргізіледі екен. Бұл өте жақсы. Әлемдік медицина деңгейінде қолданылып жатқан емдеу тәсілдерінің бірі – жасанды желдету мен инвазиялық желдету аппаратын қолдана отырып, ауыр жағдайдағы науқасты аман алып қалу. Бұл тәсілді жергілікті мамандар жақсы меңгерген. Шымкентте науқастарға кәсіби медицина мамандарының көмегі қолжетімді. Қала тұрғындарына айтарым, ауру басталған сәттен бастап, медициналық көмекке жүгініңіздер, - деді ресейлік дәрігер.
Айта кетсек, Ресейден келген медицина мамандары қаладағы бірнеше медицина ұйымдарын аралап, емдеу тактикасы бойынша жергілікті дәрігерлермен тәжірбие алмасуда. Жалпы шет елден 7 маман келген. Оның 3-еуі реаниматолог-дәрігер және 4 инфекционист.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.