Версия для печати

ШЕТЕЛДЕН 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Избранное

Среда, 22 Июль 2020 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1503 раз
Оцените материал
(0 голосов)

8c55bde7-1d9d-4c4e-9f9c-36cfdc0166af

Шымкент қаласының қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлық отырысында мәлімдеді. Жиында қалада атқарылып жатқан эпидемияға қарсы шаралар мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Онда әкім қаладағы дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн 700 мың маска жеткізілгенін атап өтті.
– Мемлекет басшысының халықты дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, қалада төрт мониторинг тобы құрылып, 348 дәріханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 50 дерек анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фармкомпания және 560 дәріхана жұмыс істейді. Шетелден дәрі-дәрмек алып келуге аталған фармкомпанияларға бір жолғы рұқсат берілді, - деді қала басшысы.
Жалпы бүгінде қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.