Шымкент қаласы дәріхана Ұйымдарын дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мониторингтік топ құру туралы

Среда, 01 Июль 2020 17:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1948 раз

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№24

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

01.07. 2020ж.


 

 

Карантин кезеңінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезінде короновирустық инфекция СOVID-19-дың және жіті респираторлы вирустық ауруы таралуының алдын алу, Шымкент қаласының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті (бұдан әрі - Департамент), Департаментке қарасты аудандық Басқармалары, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» Шымкент қаласының фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы және фармацевтиқалық қауымдастығы, бірлесіп мониторингтік тобын құрсын.

2. Мониторингтік топ Шымкент қаласы дәріханаларында дәрілік заттардың болуына күн сайын мониторинг жасасын.

3. Мониторинг 56 дәрілік заттардың сауда атауы бойынша №1 Қосымшаға сәйкес жүргізілсін.

4.Шымкент қаласының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілері, дәрілік заттардың өндірушісі «Химфарм» АҚ күн сайын сағат 17.00-ге дейін дәрілік заттардың болуы және жоспарланған жеткізілімдері туралы ақпарат туралы Департаментке ақпарат берісін. Дәрілік заттардың сауда атаулары болмаған жағдайда №1 Қосымшаға сәйкес басқа сауда атауларымен дәрілік заттардың аналогтары бойынша ақпарат ұсынылсын.

5. Шымкент қаласының дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілері Шымкент қаласының әкімшілігі, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» Шымкент қаласының фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы және фармацевтиқалық қауымдастығымен бірге дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы түзілген 24.06.2020 жылғы Меморандумға сәйкес бір қолға босатылатын рецептсіз дәрілік заттардың санын емдеу курсына шектесін және рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарды рецептілері бойынша емдеу курсына босатылсын.

6.Шымкент қаласының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық ұйымдары ҚР ДСМ 2019 жылдың 15 шілдедегі «Дәрілік заттардың саудалық атауы бойынша бөлшек және көтерме саудада шекті бағаларды бекіту туралы» №104 бұйрығына сәйкес көтерме және бөлшек саудадағы бағаларды қатаң ұстанып, ҚР ДСжӘДМ 2015 жылғы 14 қыркүйектегі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» №713 бұйрығының талаптары сақталсын.

7. Осы Қаулының міндетті түрде орындалуын Шымкент қаласының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілерде және дәрілік заттардың өндірушісі «ХИМФАРМ» АҚ-да қамтамасыз етілсін.

8. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

9. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы Қаулының орындалуын бақылауды департамент басшысының орынбасары Л.Р.Кашкымбаеваға жүктелсін.

11. Осы қаулы 2020 жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.