Шымкент қаласының аумағында шектеу шараларын және карантинды ұзарту туралы

Пятница, 31 Июль 2020 05:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 299 раз

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 №30

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

31.07. 2020ж.

                                                 

 

Шымкент қаласының аумағында шектеу шараларын және карантинды ұзарту туралы

                  

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 20 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), «Қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығының сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент  қаласының аумағында 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын. 

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

2.1. қонақтардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындар бойынша жүруін шектеуді;

2.3. тұратын жерінен шыққан кезде 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды;

2.4. жұмыс орнынан және кері қарай жүріп-тұруға, аулаларда және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне  рұқсат етіледі;

2.5. тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға  рұқсат етіледі;

2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барған кезде соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды.

3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:

3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда); 

3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

3.3. жұмыс күндері ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 арқылы кезек брондау арқылы, «Қазпочта» АҚ-ның,  Call орталықтарының жұмыс уақыттары сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал мереке және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салуды;

3.4. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік базарлардың жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) барлық базарлардың жұмыстары тоқтатылсын;

3.5. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін;

3.6. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) осы қаулыда көрсетілмеген нысандардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.7. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.8. үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының және тек ашық ауада жасалынатын құрылыс жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық қызметтердің көрсету жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, өзіне қызмет көрсететін авто жуу орындарының жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар қосымша қызметтерді (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсету ұйымдастыруды;

3.12. ойын-сауық, спорттық, жаттығу және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды және т.б. өткізуге тыйым салуды;

3.13. қаланың барлық спорт ұйымдарында оқу-жаттығу сабақтарына, жиындарға, жарыстарға қатысуға және өткізуге тыйым салуды;

3.14. білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың жұмысына тыйым салуды;

3.15. мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақшалар, коррекциялық-түзету орталықтары) қызметіне тыйым салуды;

3.16. жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден сағат 21:00-ге дейін жұмыс кестесімен сыртқа шығаруға немесе үйге жеткізу жүйесімен жұмыс жасап жатқан қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) жұмысына тыйым салуды;

3.17. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін, СПА-орталықтардың, тренажер залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорттық құрылымдардың, спорттық үйірмелердің, секциялардың, бассейндердің, аквапарктердің, жағажайлардың, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысына тыйым салуды;

3.18. аттракциондардың барлық түрлерінің, оның ішінде ашық алаңда орналасқан  алаңшаларының жұмысына тыйым салу;

3.19. көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салуды;

3.20. барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) жұмысына тыйым салуды;

3.21. қаланың барлық спорт нысандарының жұмысына тыйым салуды;

3.22. барлық діни бірлестіктердің нысандарына (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) келушілер мен дінге сыйынушыларға баруды  тоқтатуды;

3.23. үйге жеткізу және сыртқа шығару режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысына тыйым салуды;

3.24. бөлек орналасқан өзіне қызмет көрсету автожуу орындарын қоспағанда, авто жуу нысандардың жұмысына тыйым салуды;

3.25. сауда–ойынсауық орталықтарының, сауда үйлерінің сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы террассалары мен бөлек кіретін есігі бар стационарлық тамақтану объектілерін қоспағанда, кызметіне тыйым салу;

3.26. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салуды;

3.27. Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автобекеттердің, жолаушылар тасымалдау қалааралық қатынастардың жұмысына тыйым салуды;

3.28. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына және денсаулық сақтау субъектілеріне:

4.1. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) толтырылуы 50% аспайтын қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын. Бетперделердің киілуі қадағалансын;

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен қамтуды қамтамасыз ету және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізуді қамтамасыз ету;

4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабтарының, көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығару және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, дезинфекциялауды, жууды қамтамасыз етуді;

4.5. инфекциялық және провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шараларымен қамтамасыз етуді.

5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, ғимараттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;

5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізу;

5.5. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету.

6. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз ету;

6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласы аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласы полиция департаментіне, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасына:

7.1. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында бағытында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

8. Күші жойылды деп танылсын:

8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №25 қаулысы;

8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.07.2020 жылғы №26 қаулысы;

8.3. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 17.07.2020 жылғы №27 қаулысы;

8.4. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23.07.2020 жылғы №28 қаулысы.

9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

12. Осы қаулы 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

 

Последнее изменение Вторник, 04 Август 2020 05:34
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.