7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ Избранное

Пятница, 14 Август 2020 04:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2141 раз

каралган арыз шагымдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысында кең көрініс тауып келеді.

Тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштеріне дер кезінде құлақ асып, оған тиісті дәрежеде көңіл бөлу, мәселені тиімді шешу басты назарға алынуда. Мұны нақты дәйектермен дәлелдеуге болады.
2020 жылдың қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711 арыз-шағым келіп түскен. Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып, 8491-не жазбаша түсіндірме берілді.
Арыз-шағымдар түрлі салаға қатысты. Оның ішінде жер қатынастары бойынша – 3986, карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат алу – 839, энергетика және коммуналды шаруашылық – 314, баспана мәселесі – 302, әлеуметтік және жұмысқа орналастыру – 300, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 198, құрылыс саласы бойынша – 161, білім саласы – 142, денсаулық сақтау – 135, екінші деңгейдегі банктерден алған несие сомасын өтеу туралы – 78, басқа мәселелер бойынша2 134 өтініш бар.
Әкімдіктің ресми сайтындағы «Ашық диалог», «Сұрақ-жауап» блогтарына 375 арыз-шағым түсіп, толық жауап берілген.
Сонымен қатар, биліктің бұқараға барынша жақын болуы мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов карантин кезеңіне дейін, яғни қаңтар-наурыз аралығында халықпен 7 рет жүздесіп, 186 тұрғынды қабылдады. Әкімнің қабылдауына келген 108 азаматтың мәселесіне түсіндірме жауаптар берілсе, 75 азаматтың мәселелері шешімін тапты. Ал 2 азаматтың мәселесін шешу ұзақ мерзімдік бақылауға қойылды.
Айта кету қажет, жеке қабылдауға қатысқан 16 азаматқа қаланың жомарт азаматтарының көмегімен қоларба, ортопедиялық аяқ киім, көзілдірік, дәрі-дәрмек алынып, ота жасатуға ақшалай көмек берілді. Құжаттарын рәсімдей алмай жүрген 15 азаматтың мәселесі шешіліп, заңгер көмегі берілді.
Қала әкімі карантинге байланысты азаматтарды онлайн байланыс арқылы қабылдап, тікелей эфирге шығуды қолға алды. Аптаның әр жұмасында өтіп жатқан онлайн қабылдауда 26 азаматтың өтінішін тыңдап, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары жыл басынан бері 266 азаматты қабылдап, өтініштер негізінде жұмыс атқарды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.