Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады Избранное

Среда, 07 Октябрь 2020 04:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1294 раз

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

424

 

Мемлекет басшысына қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарласы аясында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.

425


Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді көпқабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.