ХАКІМ АБАЙДЫҢ ӘР ӨСИЕТІН ІСКЕ АСЫРАР УАҚЫТ ЖЕТТІ

Среда, 07 Октябрь 2020 08:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2040 раз

Еліміздің Тұңғыш Перзиденті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Абай аманаты» атты мақаласы көп жәйтті аңғартады. Ең алдымен бізге Абайды тек оқып қана қоймай, оның насихаты мен өсиеттерін өмірде шынайы жүзеге асыруға үйретеді. Мақаладан Елбасының әрбір жасаған еңбектері, жүріп өткен жолдары Ұлы ойшылдың даналық хикметтеріне сәйкес орындалғанын көреміз.

426

 

Абай тек лирик ақын емес, ол әрі кемеңгер философ. Адамның психологиясына терең үңіліп, бойдағы жаман қасиеттерді көре білген, сынай білген және одан арылудың жолдарын көрсетіп кеткен ұлы тұлға. Сол үшін ақынды жәй ақын ретінде қарамай, қазақ халқын болашаққа бастаған ұлы ойшыл, қайраткер бейнесінде қабылдаған жөн.

Елбасы айтқандай орыстар Александр Пушкинді, ағылшындар Уильям Шекспирді, немістер Гетені, америкалықтар Уолт Уитменді сол ұлттың әдебиетін биік шыңға шығарған қаламгері деп дәріптеп, аса үлкен сый-құрметпен атаса, дәл осындай ұшқыр ойдың, ақыл-парасаттың кенені болған Абай қазақ үшін ең ұлы тұлға.

Елбасы өзінің мақаласында балалық шақтан есейген, ел басқарған кездегі ғұмырдариясында ақынның өсиетімен жүргендіктің себебімен өмірдің қилы-қилы сынақтарынан сүрінбей өтіп, алдынан қандай қиындықтар кездессе де ерік-жігермен жеңе білгенін, білімге ұмтылып, алға қойған мақсаттарға жеткенше Һәкім Абай жырлағандай, тынымсыз еңбек еткенін өскелең ұрпаққа үлгі есебінде баяндайды.

Расында да еліміздің Тұңғыш Президенті осы мақаласы арқылы Абайдың еңбектерін жатқа білумен қатар, оның әрбір айтқан даналық ойларын жүзеге асыру керектігін меңзейді. Әрбір қазақ кемеңгер ойшылдың өсиет-нақылдарын басшылыққа алып, ұрпағына қалдырып кеткен даналық сөздерін шынайы өмірде іске асырсақ, замана қалай құбылса да ұлттық болмысымызды сақтап, әлемдік өркениеттің көшін бастарымызға кәміл сенемін.

Шойбек ОРЫНБАЙ,жазушы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.