«Мен жастарға сенемін!» Избранное

Пятница, 25 Декабрь 2020 04:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 444 раз

132581638 454915562334604 7181165249711912313 o

Үшінші мегаполисте жылдың үздіктері марапат төрінен табылды. Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған салтанатты шарада қоғамда ізденіспен еңбек етіп, таңдаған саласын алға сүйретуге атсалысқандарға құрмет көрсетілді.

Жастар ресурстық орталығында өткен дәстүрлі «Үздік жастар - 2020» премиясының салтанатты марапаттау рәсімінде түрлі салаларда жетістікке жеткен жастарды қала әкімі Мұрат Әйтенов жеңісімен құттықтап, еңбекте толағай табыстарға, биік шыңдарға жете беруіне тілектестігін білдірді.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шымкентті жастардың қаласы екенін жиі айтып жүреді. Қазіргі таңда қала тұрғындарының 30 пайызға жуығын жастар құрайды. Бүгінде жастарға мемлекет тарапынан қомақты қолдаулар жасалуда, түрлі гранттар беріліп жатыр. Сонымен қатар әр саладағы жастар тұрғын үймен қамтылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жыл «Волонтер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл ретте, шымкенттік жастар пандемия жағдайында атаулы жылға орай қоғамдық жұмысқа белсене қатысып, қаламыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосты, шаһар тазалығына да ерекше атсалысты. Елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап етеді. Жас ұрпақтың ар-намысы жоғары болса, мемлекетіміздің мәртебесі биік болады!, - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

 

530d7148-0545-4821-bfc8-43ebe8870350


Салтанатты шарада шаһар басшысы жеңімпаздарға арнайы статуэтка және 100 000 (жүз мың) теңгенің сертификатын табыстады. Жалынды жастарға арналған байқау осымен оныншы мәрте өтуде. «Үздік жастар - 2020» премиясының ережесіне сәйкес, 29 номинация бойынша 14-29 жасқа дейінгі 175 жас байқауға қатысып, іріктелді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қаламызда мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жастарды марапаттау, қоғамның түрлі салаларындағы жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау, жастардың рухын көтеріп ынталандыру.

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!,» – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгінде біліммен, жігермен қаруланып, қоғамның қайратты үлес қосып жүрген жастармен мақтанамыз.
Сондай-ақ, жыл үздіктерін құттықтау үшін қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева арнайы қатысып, ізгі лебізін білдірді.