Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталды

Понедельник, 28 Декабрь 2020 10:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1397 раз

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі–Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау үшін жолданған ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 07.08.2020 жылғы №КВГА-03-КВ/1307-И және 19.09.2020 жылғы №1-КВ/1569-И тапсырмалары негізінде, Қазақстан Республикасының 12.11.2015 жылғы №392–V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы және 18 бабының 5 тармағы 1-тармақшаcына сәйкес, «Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не – дағдарысқа қарсы іс-шаралар бойынша бөлінген қаржылардың игерілуін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуіне мемлекеттік аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 250 923,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар-54 987,6 мың теңгені және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар- 195 936,1 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, бүгіңгі таңға 39 050,0 мың теңге қалпына келтірілді.

 

 

           Шымкент қаласы бойынша Ішкі

           мемлекеттік аудит департаментінің

№2 сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы

Ж.Тастанов

 

Камералдық бақылау бөлімінің

бас маманы А.Әбдісаит

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.