АРДАГЕРЛЕР – АҚЫЛШЫМЫЗ

Среда, 30 Декабрь 2020 04:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1839 раз

10

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен өткен кездесуде осы жылғы атқарылған жұмыстарды саралады. Басқосуда аға буын өкілдері қаланың гүлденуі мен ары қарай дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екенін жеткізді.

–Індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүздесе алмадық. Алайда жаңа жыл қарсаңында шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін алғысымды жеткізгім келеді. Қаланы гүлдендіру жолында сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Алдағы жылы да, әр бастаманы сіздермен кеңесіп, бірлесе жұмыс атқаратын боламыз, - деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлы келесі жылғы жоспарлар жөнінде де қысқаша баяндады. Сөз соңында ардагерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Кездесуде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.