Версия для печати

Әкесі жақсы қандай-ды.... Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2855 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеппен байланысты нығайту мақсатында «Әкелер мектебі» құрылды. Аталған кеңестің төрағасы Исамудин Рысбай алқа мәжілісінде жаңа мектептің құрамын таныстырды.

570

 

«Әкелер мектебінің» төрағасы болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Кенжехан
Төлебаев бекітілді. Ал құрамында Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ұлықпан Башенов, Еңбекші ауданының ардагері Зулпуар Жайшыбеков, тарих ылымдарының кандидатыҚайрат Анарбаев, саясаттанушы, ф.ғ.к Сәкен Аралбайұлы, теолог Мұхамеджан Естеміров, еңбек ардагерлері Еркін Сатқанбай, Илияс Төлегенұлы бар.
Ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісінде жастар арасындағы құқық бұзушылық, ұлттық тәрбие, білім және отбасы құндылықтары жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылды. Әсіресе, қалалық ардагерлер кеңесінің мәдени, жастар және ұлтаралық орталықтармен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Мыңжасар Асқаровтың жасаған баяндамасы бейжай қалдырған жоқ.
– Бір жылда Шымкентте 2800 неке бұзылған. Бұл ұлттық тәрбиенің төмендеп кеткенін айғақтайды. Жаһандану дәуірінде ұлттық рух пен ұлттық тәрбиені сақтау басты міндетіміз, - деді
М. Асқаров.
Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы да балалар арасында қылмыстың азайғанымен, қыздар арасындағы ерте жүктілік, балалардың бір-біріне әлімжеттігі мәселесі әлі де өзекті екенін баяндады. Оның айтуынша, бір жыл бұрын қалада аз қамтылған отбасы 18 771 болса, пандемиядан кейін 48 886-ға көбейген.
– Білім ордаларында «Қыздар», «Аналар», «Әкелер» клубтары ашылған. Бірақ бізге «Әкелер мектебінің» жұмысы ауадай қажет. Ажырасу бойынша статистика лық мәлімет мәз емес. Толық емес отбасы 38 пайызға күрт артқан. Балалардың көпшілігі анасымен қалатыны мәлім. Өкініштісі, әке мен ата тәрбиесі ақсап жатыр. Жастар салт-дәстүрімізді жетік білетін үлкендердің тәліміне мұқтаж, – дейді Жанат
Тәжиева.
Мектептің жылдық жоспарына сәйкес «Әкелер мектебі» құрамындағы ардагерлер алдағы уақытта оқушылармен тағылымы мол іс-шараларда бас қосып, белсенді жұмыстар жүргізбек.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.