Шымкентте бала тууға қатысты мемлекеттік қызметке сұраныс артты

Среда, 10 Февраль 2021 04:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2269 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің мәліметінше, соңғы уақытта баланың тууға байланысты қызметті алу үшін ХҚО-ға келетін азаматтардың саны күрт өскен. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар айында шымкенттіктер бала тууға байланысты қызметтер бойынша 6859 өтініш жолдаса, биылғы қаңтарда бұл көрсеткіш 12 мыңнан асты.

Сонымен қатар қызметтерге SMS арқылы проактивті форматта қол жеткізу де артты: 2020 жылы – 301 қызмет, 2021 жылы 1 698 қызмет проактивті түрде ұсынылды.

tuu

«Проактивті тәсіл – ең қолайлы шешім. Телефон хабарламасының көмегімен баланың туу туралы куәлігін, тууға байланысты жәрдемақыны және балабақшаға кезекті рәсімдеп қана қоймай, баланы тұрғылықты жерге тіркей аласыз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Жалпы, нәрестені проактивті тәсілмен тіркеу қызметі 2017 жылдан бастап іске қосылған және бұл игілікті мобильді азаматтар базасында тіркелген ата-аналар ғана қолдана алады. Ол үшін egov.kz порталындағы жеке кабинетте ұялы телефон нөмірін ЖСН-ге байланыстыру қажет немесе халыққа қызмет көрсету орталығында мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелу керек.

Анықтама: 2021 жылдың қаңтар айында бала тууын тіркеуге – 2219, бала тууға және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға – 4634, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындауға 4348 өтініш қабылданды. Ал ХҚО-ға бармай-ақ, проактивті тәсілмен бала тууға және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау бойынша 1698 өтініш келіп түсті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.