Версия для печати

Қасым-Жомарт Тоқаев: ХХІ ғасырда әйелдер тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр Избранное

Пятница, 05 Март 2021 05:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3717 раз
Оцените материал
(0 голосов)

tokaev-k

Елордада «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру шаралары мен құралдары» атты іс-шара өтті. Іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы, «Атамекен» ҰКП және «Атамекен» іскер әйелдер кеңесімен ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шара қатысушыларына арнайы бейнеүндеу жолдап, қазіргі кезде мемлекеттің жан-жақты дамуы көп жағдайда әйелдер құқығының қамтамасыз етілуі, олардың мүмкіндіктерін толық пайдалануына барлық қажетті жағдайды қалыптастырумен тікелей байланысты екеніне атап өтті.

–Бүгінде, еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Бұл сіздерге тән еңбекқорлық пен іскерліктің айқын көрінісі. Әйелдердің қоғамдағы ролін кеңейте түсу мемлекеттіміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай нақты шаралар қолға алынды. Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43%-дан асты. Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер. Іскер аруларымыздың арқасында 1 миллионнан астам азаматымыз тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – әйелдерге ұдайы қолдау көрсету, олардың дамуына жан-жақты жағдай жасау. Осы орайда, Елбасының бастамасымен қабылданған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының мәні ерекше. Бұл маңызды құжат осы бағыттағы жұмысымызға айрықша серпін беріп отыр.

ХХІ ғасырда әйел, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева қордың тарапынан қолдау тапқан барлық жобалардың 51%-дан астамы әйелдер кәсіпкерлігі екенін атап өтті. Ал «Отбасы банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Азия даму банкімен бірлесіп, әйелдерге ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Бұл Азияда бірінші рет іске қосылатын әйелдерге арналған ипотека бағдарламасы болмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.