Версия для печати

ТРАСПЛАНТОЛОГИЯДА КӨШ БАСТАЙДЫ

Пятница, 05 Март 2021 05:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5241 раз
Оцените материал
(0 голосов)

transpotologia

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан үшінші мегаполисті еліміздегі трансплантология орталығына айналдыру жолында үлкен қадам жасалғанын мәлім етті.

–Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ұсынысымен, осы бағытта халықаралық конференция өткіздік. Оған Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан мамандар қатысты. Мықты мамандармен меморандум жасадық. Атақты Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты меңгерген ота түрлерін бізге үйрететін болды.

Біздің №1 қалалық клиникалық аурухана ендігі жерде Қазақстанда жасалатын трансплантацияның басым бөлігін жасап жатса таңғалмаңыз.

Адам өз мүшелерін көліктің бөлшектері сияқты ауыстырып жүре беретін ғылыми фантастикалық болашақ алыс емес. Егер сол рас болса, Шымкент көш бастайды», - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.