СПОРТШЫЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Пятница, 19 Март 2021 15:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5084 раз

WhatsApp Image 2021-03-19 at 21.33.26

Шымкентте «Шымкент қаласы жауынгерлік өнер Ассоциясының» жетекшісі, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты С.Қуандық спорттық филиалдың шәкірттерімен жүздесті. Мерекелік кездесуде ABIK шәкірттері таэквонда спорты бойынша өздерінің өнерлерін паш етті.

WhatsApp Image 2021-03-19 at 21.33.47

Бұдан кейін Ассоциация жетекшілігі мен жас шәкірттер ағаш көшеттерін екті. Бұл күні барлығы 130 көшет отырғызылды. Ассоциация басшылығы, бұған қоса, Ұлыстың ұлы күніне орай қайырымдылық жасап, аз қамтылған 25 отбасыға филиал атынан азық-түлік таратты.

WhatsApp Image 2021-03-19 at 21.34.14

– Наурыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мереке. Сонымен қатар қайырымдылық пен ізгілік айы. Наурыз мерекесі қарсаңында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуді дұрыс санадық, - деді Ассоциация жетекшісі.

Тұрғындар қайырымды іске алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

 

Последнее изменение Суббота, 20 Март 2021 08:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.