Қала тұрµындарының назарына!

Понедельник, 18 Август 2014 03:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 888 раз

Қоғамымызда қауіп тудырып отырған аурулардың бірі – Конго Қырым Қанды  Қызбасы ауруының  алдын алудың бірден бір жолы кенеге қарсы (ірі қара малды бүрку, уақ малдарды тоғыту, қоражайлар мен оған жапсарлас аумақтарды) залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.Шымкент қаласы бойынша кенеге қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 15 тамызында басталу жоспарлануда. Осыған орай  күзгі залалсыздандыру жұмыстарын тиімді әрі сапалы жүргізу үшін мал тұратын қора жайларды тамыз айының 15-ші жұлдызына дейін тазарту жұмыстарын аяқтау керектігін ескерте отырып, мал иелері ірі қара малды бүрку, уақ малдарды тоғыту, қоражайлар мен оған жапсарлас аумақтарды залалсыздандыру іс-шараларын жүргізу барысында белсенділік танытуларын сұранамыз.
Залалсыздандыру жұмыстарын Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық қызметі жүргізеді.

Байланыс телефондары:
44-93-55, 54-06-13

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.