Шымкентте жастар «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындады

Среда, 11 Август 2021 10:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2043 раз

kozimnin-karasy

Шымкентте Абайдың туған күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылына орай, «Елбасы медалі» қатысушылары Абай ескерткішінің жанында кездесті. «Көзімнің қарасы» туындысын орындап, ұлы ақынның бейнесін жинақтады.

Абай Құнанбайұлының 1891 жылы жазылған «Көзімнің қарасы» өлеңінің жарық көргеніне биыл 130 жыл болды.

«Елбасы медалі» жобасының қатысушысы Маутан Айсәуле: «Мен солист болып, ерекше сезімге бөлендім. Жобаға тіркелгеніме 2-3 ай болды. Осы аралықта белсенді болып, іс-шараларға қатысып жүрмін. Осыған дейін «Абай күні» туралы білмейтін едім. Абай мұрасын насихаттауға атсалысқаныма қуанып отырмын», - деді ол.

Ал Алина Мансұр 1 минуттық бейнеороликті әзірлеу үшін 4-5 сағат уақыт жұмсалғанын айтты. Қатысушылар әр кадрдың ұтымды шығуын ойластырып, Абай тағылымын насихаттауға атсалысқан. Игі шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап өткізілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.