ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНА ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Четверг, 16 Сентябрь 2021 12:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1478 раз

4DA19346-9FB8-4FBC-B75E-B28F63E5C15E
Шымкент қаласының Қаратау ауданында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ «STANDARD CEMENT» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кезекті кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды.

Аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және тағы басқа негізгі басымдықтарды атап өтті.

Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Бекназаров Жолдауды жүзеге асыруда қала тұрғындары ынтымақ пен бірліктің арқасында үдесінен шығатынына сенім білдіріп, жиынды қорытындылады.

Аталған бағыттағы ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасатын болады.

Последнее изменение Четверг, 16 Сентябрь 2021 12:18
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.