Тұрғын үй реформасы тиімділігін көрсетуде

Пятница, 24 Сентябрь 2021 03:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1474 раз

turgin-ui

Абай ауданында көп қабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін және жай серіктестік құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 341 жиналыс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде көп қабатты 334 үйдің келісім хаттамасы жасалып, бұл тұрғын үй көлеміне шаққанда 48,1 % пайызды құрап отыр. Оның ішінде көп қабатты 277 үйде жай серіктестік және көп қабатты 57 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Өткен аптада аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тағы 24 жиналыс өткізіліп, 1 үйге МИБ құру жұмыстары жүргізілді.

Ал Әл-Фараби ауданында тұрғын үй реформасын түсіндіру жұмыстары медиа жоспар арқылы жүзеге асуда. Бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен тұрғын үйді басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен бірге 403 жиналыс өткізілді. Нәтижесінде көп қабатты 52 үй мүлік иелерінің бірлестігіне, 142 үй жай серіктестікке өтті. Қазіргі таңда мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша қосымша көп қабатты 33 үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.

Қаратау ауданы әкімдігінің жұмыс нәтижесінде тұрғындармен 61 кездесу, 13 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Аудан бойынша 9 МИБ және 214 жай серіктестік құрылды.

Қазіргі таңда шаһардағы төрт аудан аумағында көп қабатты үйлердің тұрғындарына түсіндіріліп жатқан жаңа реформа тиімділігін көрсетуде.