Версия для печати

Жиында бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі түсіндірілді

Среда, 06 Октябрь 2021 04:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1403 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2021-10-06 at 09.55.53

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Сонымен қатар, аталған жиынға қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының м.а. П.Исақбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, құрметті мемлекеттік қызметші Б.Ибатова мен ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан хабардар ету, ұжымдағы парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.

Мақсатты жиында Талғар Серікбаев Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, Президент жолдауы мен жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығын ескертті.

Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына тоқталды.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған азаматтар Департаментке немесе Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласа алатындығы айтылып, жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленгендігі хабарланды.

Айта кетейік, биылғы жылы жалпы өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 11 тұлға көтермеленген. Олардың сыйақы мөлшері 2 млн.тенге шамасында соманы құрайды.

Шара барысында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-ағартушылық штабының нәтижелері, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары сөз болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.