Версия для печати

Тәуелсіздік құндылықтарын көрсететін құжат

Пятница, 26 Ноябрь 2021 08:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1653 раз
Оцените материал
(0 голосов)

– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.

625

 

Елбасы озық әлемдік тәжірибе мен халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрін ескере отырып, еліміз үшін маңызды үндеу жариялады. Бұл – Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат және болашақ ұрпаққа егемен Қазақстанның көшбасшылығын айқындайтын қағидалар кодексі.
Елбасы тарихи құжатта «Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті», деп атап өтті.
Расымен де, тәуелсіздік — халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Егемендік алу жолында ел еркіндігі үшін қыршын кеткен қазақтың талай ұлтжанды азаматтарының
рухына тағзым етеміз. Ата-бабамыздың бізге «Тәуелсіздік» деп аталатын аманатын келер ұрпаққа жеткізу қасиетті парызымыз.
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан тарихи таңдау жасап, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн ел тарихындағы жаңа дәуірдің басталуы ғана емес, Қазақстанның алғаш рет халықаралық қатынастардың толыққанды субъектіне айналған кезеңі еді. Содан бергі уақыт аралығында ел тарихында көптеген жұмыстар атқарылып, экономикамыз қарқынды дами түсті.
Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен ойып орын алған ілгері ел дәрежесіне жетті. Қазақстанның бүкіл әлем таныған беделді мемлекетке айналуы Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізген сындарлы саясатының арқасы. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан
болар едік.
Тәуелсіздіктің 30 жылында қол жеткізген игі істерді жоғалтпай, оларды жасампаздықпен жалғастыру – ата-бабалардың рухы
алдындағы баршамыздың қасиетті парызымыз. Халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты міндетіміз. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. Татулық пен бірлік, берекелі тірлік болмаған жерде бостандық та жоқ. Сондықтан, ішкі тұрақтылығымыз мен ел мүддесін бойтұмардай сақтап, қастерлеуге тиіспіз.

Жанар БЕКТАЕВА
Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.