ӘР ОТБАСЫНЫҢ ҚАҒИДАТЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

Четверг, 02 Декабрь 2021 04:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 738 раз

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

 

Бұл жиынтық Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды өтпелі және күрделі кезеңде халық санасын оятуға, негізгі құндылықтарды ұмытпауға, дұрыс бағдар беруге бағытталған. Уақытылы ұсынылған өзекті жоба. Әр құндылықтың мән-мағынасы зор.
Бірінші құндылық – тәуелсіздік. Тәуелсіздік – азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының нәтижесі. «Желтоқсан оқиғасы» тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғыртудың бастауы болды. Тәуелсіздік — біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Сол тәуелсіздікті сақтап қалу тәуелсіздік тұғырында дүниеге келген жастар қолында.
Екіншісі – бірлік пен келісім. Бірлік түбі – береке демекші қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Ел іргесі бүтін, шаңырағы биік, керегесі кең болуы еліміздегі татулық пен достықтың шынайы көрінісі екені дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Үшінші – Жер. Жер – ата-бабаларымыздан қалған аманат. Елбасымыз Н.Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады.
Төртінші құндылық – отбасы және салт-дәстүр. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ұрпағымызды ұлттық рухпен тұлға етіп қалыптастыру – халқымыздың тәрбие негізі. Асыл қазына – салт-дәстүріміздің қадамы нық болса, болашағымыз сенімді болады. Бесінші – ұлттық мәдениет. Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Көп мәдениетті тұлғаға, ең алдымен, төл мәдениетін игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы беріледі.
Алтыншысы – білім мен еңбек. Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік елдер ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі. Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.
Жетінші құндылық – прагматизм. Прагматизм - кез келген істе белгілі бір мақсатқа жетуді көздеу әрі мақсатқа жету жолында барлық мүмкіндіктерді пайдала отырып, қандай да бір пайдалы нәтиже шығару.
Қорыта келе, жеті құндылық республиканың емес, әр отбасының қағидатына айналуы тиіс. Себебі, әр құндылық мәнді, заман талабына сай.

Ж.ОРЫНТАЕВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Заң» факультеті «Азаматтық құқық және
азаматтық іс жүргізу» кафедрасының оқытушысы, з.ғ.к., профессор

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.