Версия для печати

NUR OTAN – УӘДЕГЕ БЕРІК ПАРТИЯ Избранное

Четверг, 02 Декабрь 2021 04:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1824 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай, партиямыздың «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасы бекітілген болатын. Жол картасы 10 басымдық пен 149 іс-шараны қамтиды.

666

 

Солардың негізгілеріне тоқталып өтсем, 2021 жылы Шымкентте 12 714 орындық 25 мектеп пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда қалада 18135 мұғалім бар. 2020 жылы 47 330 компьютер алынып, мектептердегі жалпы компьютер саны - 56 556-ға жетті. Нәтижесінде, жыл басында бір оқушыға келетін компьютер саны 27-ні құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 4-ке дейін төмендеді. Сонымен қатар бюджеттен қаралған қаржыға 18 мың дана парта алынып, мектептерге толығымен берілді.
Бүгінгі таңда қаладағы колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 11 412 студент білім алуда. Оның ішінде дуальді оқытумен қамтылғандары 1 290-ды(11,3%) құрайды. Дуальді оқытуды дамыту мақсатында 96 әлеуметтік серіктеспен 1 201 келісімшарт түзілді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік мектептерге 100% турникет орнату үшін бюджеттен 359,4 млн.теңге қаржы бөлініп, орнату жұмыстары толығымен аяқталды. 17 мектепке спорт алаңдарын және 36 мектеп ішкі әжетханалармен қамтылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 015,5 млн теңге қаржы бөлінді. Материалдық көмекпен 56 175 оқушы (ыстық тамақ, тегін жол жүру, кеңсе тауарлары, мектеп формасы) қамтылды.
Осы жылы Асар шағынауданында модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы, Қазыбек би көшесінде «№14 емдеу орталығы», «Sunkar Premium» жекеменшік медицина орталығы, Қазығұрт шағынауданындағы «Klinika Qazyqyrt» клиникасы және «Asem Medikal» медицина орталығының құрылысы жүргізілді. Бедеулікті емдеу үшін репродуктивті медицина институтының филиалы ашылды. Онда 500-ге жуық азаматты емдеу жоспарланған. Симуляциялық орталық жоғары медициналық колледж базасында 1359 медицина қызметкеріне жүрек-өкпе реанимациясы бойынша оқыту жүргізілді. Мүгедектерге арналған «Тең қоғам» оңалту орталығы 28 маусымда ашылды. Бүгінгі күнге дейін 2274 азаматқа қажетті көмек көрсетілді.
«Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ жартылай стационарлық жағдайда жылына 840 мүгедек адамға 70 орындық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ҚМУ-нен ағымдағы жылы стационарлық жағдайда 40 мүмкіндігі шектеулі балаға арналған оңалту орталығын іске қосу жоспарланып отыр. Ғимарат қарастырылған. Қосымша жабдықтау жұмыстарына 4 875,0 мың теңге бөлінді. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қалада дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 340 305 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 31,2%-ын құрады.
Сондай-ақ, осы жылы Ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылы 619 азамат оқудан өтті.
Қалада 14233 тұрақты жұмыс орны пайда болды. «Мен кәсіпкер боламын» өңірлік бағдарламасы аясында 1%-бен 10,0 млн.теңгеге дейін несие беріліп, 250 млн. теңгеге 28 жоба қаржыландырылды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде бүгінгі таңда 7 264,6 млн. теңгеге 1591 жобаға қолдау көрсетілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 2021 жылға 816,1 млн.теңге бөлінді.
Кәсіпкерлікті тұрақты дамыту және бизнес ортаны жақсарту мақсатында Шымкент қаласында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді.
2021 жылға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1900 азаматты кәсіпкерлік негіздерімен қамту жоспарлануда, іс жүзінде 2101 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 5 оқу курсына жіберілді. Олардың 1836-ы оқуды аяқтап, сертификат алды, 236 адам оқуын жалғастыруда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын ашу үшін шағын несиелер беру қарастырылған. Микронесиелердің максималды сомасы 23,0 млн теңге (8,0 мың АЕК). Сыйақы мөлшерлемесі 6% - дан аспайды, микрокредит беру мерзімі 5 жылға дейін. Бүгінгі күні кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының деректеріне сәйкес микроқаржы ұйымдарынан кредит алатын 250 әлеуетті қарыз алушының тізімі әзірленді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 адамды оқыту жоспарланған, іс жүзінде 2500 адам оқуға жіберілді.
2021 жылғы 26 наурызда Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» 8500 азаматтан «Telegram bot» мессенджері арқылы мемлекеттік гранттарға онлайн құжаттар қабылдады. Оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
584 азаматқа (339,7 млн теңге) гранттар берілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бүгінгі таңда 512 жұмыс берушіге 2578 адам (103,1%) «Жастар практикасына» жіберілді. Биыл жұмысшы жастар 300 пәтерге қол жеткізді. 2021 жылы шаһарда 1500 орындық 4 жатақхананың құрылысы аяқталды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында волонтерлерді қолдауға бағытталған «Жас волонтер» ЖД-ға жергілікті бюджеттен 7,5 млн теңге қарастырылған.
Жобалар аясында әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, рухани және т.б. әлеуметтік мәселелер бойынша үздік волонтерлік жобаны анықтау бойынша байқау ұйымдастырылды. Шымкент қаласын дамытуға бағытталған үздік 2 жобаға 1 млн теңге қаржылық грант беру жоспарланған. Көпбалалы жас отбасыларға арналған Сонымен қатар қалада «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты ашылды. Орталық ашылғалы бері 5602 азамат өтінішпен келген. Олардың 5450-не қажетті көмек көрсетілді. «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер 99 пайызға жетті. Шымкентте азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы бірқатар іс-шара өткізуде.
Бүгінгі күні қаладағы 36 денсаулық сақтау мекемелері интернет желісіне қосылған. Тегін медициналық көмек көрсететін 75 жекеменшік ұйымда медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Денсаулық сақтау мекемелерін компьютерлік жабдықтау 78% құрайды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 220 компьютер сатып алынды. Ағымдағы жылы 10 медициналық ұйымды қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда Шымкентте өмір сапасы мен қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында iKomek «109» мониторинг және жедел әрекет ету қызметі ашылды.
Nur Otan партиясының сөзі мен ісі бір тізгінде екенін, уәдеге беріктігін халық түйсініп қалды. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы іс-шаралар осылайша жүзеге асып келеді. Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, солардың ішінде шекарасы толық шегенделгені отызға жуық. Қазақстанның ертеңі нұрлы сол мемлекеттердің бел ортасында екендігі баршамыз үшін үлкен қуаныш. Бұл – шын тәуелсіздік. Сол тәуелсіздікті баянды ету жолында халық таңдаған Nur Otan партиясы алғаусыз қызмет ете береді.

Жанар БЕКТАЕВА,
Nur Otan партиясы
Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.