Ұлт болашағын нықтауға қадам

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1185 раз

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге бағытталған бастамаларын жариялады.

 

Мемлекет басшысы әрбір Жолдауда басымдықты әрдайым қолайлы орта қалыптастыруға беріп келеді. Бұл жолы да сол алған бағытынан танбады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мерзімін ұзартқан Президент экономиканың өзегін талдырмауға барымызды салу керекпіз, деп қадап тұрып айтқан болатын. Пандемия денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Осы орайда, отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгілеген Мемлекет басшысы, індеттен құтылудың жалғыз жолы вакцина салдыру деп түйді. Президент цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлауды тапсырды. Сондай-ақ, жолдауда мал шаруашылығы мен аграрлық салада маңызды міндеттер белгіленіп, бұл салада елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екендігі баса айтылды. Мемлекет басшысы инфляция деңгейін 6-4 пайыздық дәлізде ұстап тұру жөнінде талап қойды. Баға тұрақтылығын сақтауда көтерме үйлестіру желісін құрып, ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді сол желімен қамтамасыз етуді жүктеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай қайта өңдеу экпортының көлемін 1,5 есе – 24 млрд долларға дейін, ал еңбектің өнімділігін 30 пайызға көтеру міндетін белгілегені баршамызға аян. «Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауынан әр қазақстандық жақсы жаңалықтар, үлкен үміт күтетіні сөзсіз. Президентіміздің биылғы Жолдауы жақсы жаңалықтармен толығып, жаңа мақсаттар мен міндеттерді жүктеді. Жолдауда Президент бекітіп берген 7 бағыт пен 5 бастама - халықтың әл- ауқатын жақсартуға бағытталған. Яғни, жолдаудағы жеті бөлім мен бес бастама ұлт болашағын нықтауға жасалған қадам болмақ. Ел Президенті жариялаған жолдаудың әрбір қазақстандық үшін маңызы басым.

Серік НҰРХАНҰЛЫ,
Шымкент қаласы, Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы
әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.