Версия для печати

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЛАРЫНДА ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ ОРНАТЫЛДЫ

Среда, 12 Январь 2022 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4834 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына сəйкес Қылмыстық атқару кодексінің 101-бабы негізінде жəне ҚР ҚК 46-бабы «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңы бойынша ағымдағы жылдың 19-қаңтарына
дейін еліміздің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдай режимі енгізілді.

910

 

Осыған орай, аталған режим мерзімінде елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты ҚАЖ мекемелерінің ішкі күнделікті жұмыс тәртібі уақытша өзгертілді. Мекемелердегі жазасын өтеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында ҚК-нің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың, сондай-ақ тергеуде қамауға алынғандардың құқықтарын жүзеге асыруда уақытша шектеу іс-шаралары жүргізілуде.

Азаматтардан барлық шектеу шаралары аяқталғанша қалыптасқан жағдайға сабырлықпен қарап, түсіністік танытуларын сұраймыз. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауды және ресми түсініктемеге ғана жүгіну қажеттігін хабарлаймыз. Мекемелерде ерекше жағдайлардың енгізілуіне байланысты берілмеген кездесу күндері сақталады және кейінірек беріледі.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Теңізжан НҰРМАХАНҰЛЫ,
Шымкент қаласы ҚАЖ департаменті бастығы, əділет полковнигі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.